Норвегия әлем чемпионатынан түскен барлық қаражатты Газа тұрғындарына көрсетілетін гуманитарлық көмекке аударды. Бұл туралы Scoop Empire хабарлады, деп жазады Sportbugin.kz.
Федерацияның мәліметінше, жиналған қаржы Газа аймағындағы бейбіт тұрғындарға медициналық және төтенше көмек көрсететін ұйымдарға беріледі.
Атап айтқанда, қаражат халықаралық гуманитарлық ұйымдардың жұмысына бағытталады.
Норвегия футбол федерациясы бұған дейін де әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Израильмен матчтан түскен билеттік табысты Газаға гуманитарлық көмек ретінде беретінін мәлімдеген еді.
