Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов енді BoxRec халықаралық рейтингінде тіркелмейді, деп жазады Sportbugin.kz.
Елеусінов кәсіпқой рингтегі соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 19 шілдесінде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткізіп, филиппиндік Джеймс Бейконды нокаутпен жеңген болатын. Содан бері шаршы алаңға шықпаған.
BoxRec ережесіне сәйкес, бір жылдан астам уақыт бойы жекпе-жек өткізбеген боксшылар белсенді емес (inactive) спортшы ретінде бағаланып, рейтингтен шығарылады.
Сондықтан Дана Уайттың Zuffa Boxing промоутерлік компаниясымен келісімшарты болғанына қарамастан, қазақстандық боксшының есімі рейтингтен алынып тасталды.
Айта кетейік, жуырда Данияр Елеусінов жол-көлік оқиғасына қатысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын. Алайда бұл оқиғаның BoxRec рейтингінен шығарылуына ешқандай қатысы жоқ.
