Брейк-данс Лос-Анджелес Олимпиадасының тізімінде болмайды, деп жазады Sportbugin.kz.
Брейк- данс Париж Олимпиадасында алғаш рет олимпиадалық спорт түрі ретінде дебют жасаған еді. Алайда бұл спорт түрі Лос-Анджелес ойындарының бағдарламасына енгізілмеді.
Ал Лос-Анджелес ұйымдастырушылары Олимпиада бағдарламасына бес жаңа спорт түрін енгізді. Олар: бейсбол/софтбол, Т20 форматындағы крикет, флаг-футбол, лакросс-6 және сквош.
Крикет, бейсбол/софтбол және лакросс Олимпиада бағдарламасына қайта оралса, флаг-футбол мен сквош Олимпиада тарихында алғаш рет сыналады.
