Джакартада өткен Азия чемпионатында Өзбекстанның U19 және U23 жас санаттарындағы ерлер құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды, деп жазады Sportbugin.kz.
U19 және U23 жас санаттары бойынша өзбекстандық боксшылар 10 салмақ дәрежесінде 11 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.
Өзбекстан бокс федерациясы Telegram-дағы ресми арнасында жарыс қорытындысына қатысты пікір білдірді.
«Қалай болғанда да, біз жекелеген есепте де, жалпы командалық есепте де медаль саны бойынша бірінші орын алдық. Бізге тағы да тең келер ешкім болмады», — деп
жазды.
Осылайша, Өзбекстан боксшылары жүлде саны бойынша да, жалпыкомандалық есепте де Азия чемпионатының үздігі атанды.
