Астанада жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша бірқатар спортшы жеңімпаз атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Алғашқы жарыс күнінің жеңімпаздары:
Биіктікке секіру: Кристина Овчинникова (Қарағанды облысы) — 1,84 м;
Ұзындыққа секіру: Александр Кузьмичев (Маңғыстау облысы) — 7,18 м, Анастасия Рыпакова (ШҚО) — 6,11 м;
100 метрге жүгіру: Алмат Төлебаев (Алматы) — 10,71 секунд, Виктория Ан (Астана) — 11,90 секунд;
400 метрге жүгіру: Елнор Мұхитдинов (ШҚО) — 47,66 секунд, Милана Зубарева (Қарағанды облысы) — 56,98 секунд;
1500 метрге жүгіру: Игорь Хрунин (ШҚО) — 4:00.75, Айана Болатбекқызы (Жетісу облысы) — 4:26.77;
10 000 метрге жүгіру: Максим Фроловский (Алматы) — 28:50.94, Дэйзи Джепкемей (ШҚО) — 33:52.33;
4×100 метрлік эстафета: Қарағанды облысының ерлер құрамасы — 42,12 секунд, Алматы қаласының әйелдер құрамасы — 48,56 секунд;
20 шақырымға жүру: Жарылқасын Егізбай (Шымкент) – 1:35:58.47, Кристина Морозова (Алматы) – 1:44:12.16;
Найза лақтыру: Алексей Хлыстов (ШҚО) — 70,47 м, Варвара Назарова (ШҚО) — 45,75 м;
Ядро итеру: Ангелина Полтинова (Шымкент) — 12,05 м;
Сырықпен секіру: Анастасия Ибрагимова (Алматы) — 3,90 м.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 24 шілдеге дейін жалғасады.
