Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан UFC-ге ауысу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында UFC файтері Шавкат Рахмоновпен бірге түскен суретін жариялап, алдағы мансабына қатысты маңызды шешім қабылдағанын жеткізді.
«Бәрін талқыладық. UFC-де өнер көрсетуге шешім қабылдадым», — деп жазды Ризабек Айтмұхан.
Айта кетейік, бұған дейін Ризабек RAF 10 турнирінде америкалық балуан Хейден Зиллмермен кездесіп, оны 6:4 есебімен жеңген болатын.
