Өзбекстандық боксшы Хасанбой Дусматов BoxRec рейтингінен шығып қалды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
BoxRec ережесіне сәйкес, егер боксшы кәсіпқой рингте бір жылдан астам уақыт жекпе-жек өткізбесе, ол рейтингтен автоматты түрде шығарылады.
Дусматов соңғы рет кәсіпқой рингке 2025 жылдың 20 шілдесінде шыққан. Бішкекте өткен кездесуде ол филиппиндік Марк Антониомен жұдырықтасып, сегіз раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (80:72, 79:73, 80:72) жеңіске жеткен еді.
Өткен жылдың қазан айында Хасанбой Дусматов Бішкектегі бокс кешінде мексикалық Калистомен кездесуі тиіс болған. Алайда салмақ өлшеу рәсімінен өте алмай, денсаулығына байланысты жекпе-жекке шығудан бас тартқан.
Сондай-ақ 2026 жылдың сәуір айында Дусматов Бішкекте өнер көрсетуі жоспарланған еді. Алайда бокс кеші екі рет шегеріліп, жекпе-жек өтпей қалды.
