«Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарымта кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстандық клуб Түркістанда Болгарияның «Левски» командасын қабылдады.
Кездесуде қонақтар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз гол 13-минутта соғылды. «Левски» сапындағы бразилиялық шабуылшы Рейналдо алыстан дәл соққы жасап, командасын алға шығарды.
Екі команда арасындағы алғашқы матч 6 тамызда Софияда өтіп, онда да «Левски» 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.
Осылайша, екі ойынның қорытындысы бойынша болгариялық клуб 2:0 есебімен келесі кезеңге өтті. Ал «Қайрат» еурокубоктағы жолын Еуропа лигасында жалғастырады.
