«Қайрат» пен «Левски» арасындағы матчтан кейін «Түркістан Арена» стадионының алаң сапасы жанкүйерлер арасында сұрақ туғызды, деп жазады Sportbugin.kz.
Кездесудің бір сәтінде «Қайрат» футболшысы Гуаль алаңнан ажырап кеткен шөп бөлігін өзі орнына келтіруге мәжбүр болды.
Айта кетейік, «Түркістан Арена» Қазақстандағы заманауи стадиондардың бірі саналады. Арена 2020 жылы салынған. УЕФА инспекциясынан кейін стадионға екінші санат беріліп, онда еурокубоктардың үшінші іріктеу кезеңіне дейінгі матчтарын өткізуге рұқсат етілген.
Дегенмен стадионда бұған дейін де мәселелер болған. Ашылғаннан кейін үш жыл өткен соң арена инфрақұрылымға қойылған жаңа талаптарға байланысты жаңғырту жұмыстарына жабылған.
Шамамен 7 мың көрерменге арналған «Түркістан Аренаның» құрылысына 39 миллион долларға жуық қаржы жұмсалған.
