Біріккен Араб Әмірліктерінде аралас жекпе-жектен жастар арасындағы IMMAF әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Әлем чемпионатына Қазақстан сапынан 38 спортшы қатысады. Олар «Жасөспірімдер С» 2012–2013 жылы, «Жасөспірімдер В» 2010–2011 және «Жасөспірімдер А» 2008–2009 жас санаттарында сынға түседі.
«Жасөспірімдер С»: 37 келіге дейін — Қадырқұл Абдурахим, Диас Ғабдуллин, 40 келіге дейін — Шыңғыс Манат, 44 келіге дейін – Алинұр Бужеев, 48 келіге дейін – Нұрзат Иса, Владислав Шевченко, 52 келіге дейін – Назар Талипов, Муслим Беков, 57 келіге дейін – Әмір Қоширбай.
«Жасөспірімдер В»: 44 келіге дейін – Даниэль Мұрат, Рамазан Сарбасов, 48 келіге дейін – Әділ Көкенов, Нұрислам Сұлтанбай, 52 келіге дейін – Нұрдәулет Жақсыбай, Ағали Ахметов, 57 келіге дейін – Айдын Берік, Ілияс Бақытжан, 62 келіге дейін – Данияр Дүйсен, Савелий Малинковский, 67 келіге дейін – Муслим Қасымов, Жанділдә Темен, 77,1 келіге дейін – Савелий Завершинский.
«Жасөспірімдер А»: 52,2 келіге дейін – Азамат Ерғара, 56,7 келіге дейін – Амиджан Баратов, Есен Батыршаев, 61,2 келіге дейін – Егор Ященко, Балғабай Қадырали, 65,8 келіге дейін – Эрик Гюлназарян, Арыстан Мусин, 70,3 келіге дейін – Нұрхан Берікқали, Әбілмансұр Ибраев, 79,4 келіге дейін – Парвиз Агаев, 83,9 келіге дейін – Алмат Бағыбай, Алексей Сапонов, 97 келіге дейін – Илья Ефименко.
Қыздар: «Жасөспірімдер В», 52 келі – Лаура Галиева, 57 келі – Дәнайша Әбдыкерімқызы, «Жасөспірімдер А», 47,6 келі – Юлия Коренева.
