World Boxing ұйымының басшысы Геннадий Головкин украиналық «Миротворец» сайтының деректер базасына енгізілді, деп жазады Sportbugin.kz.
Головкин туралы жазба сайтта 15 тамызда пайда болған. Оның деректер базасына енгізілуіне World Boxing ұйымының ресейлік боксшыларға қатысты шектеулерді алып тастауы себеп болған.
«Миротворец» сайты Украина мүддесіне қауіп төндіреді деп санайтын адамдар туралы деректер жарияланады. Сондықтан БАҚ-та оны жиі «Украинаның қара тізімі» деп атайды.
Айта кетейік, 2025 жылдың қарашасында Римде өткен World Boxing конгресінде Геннадий Головкин ұйымның президенті болып ресми түрде бекітілген еді.
Ал биыл шілде айында Геннадий Головкин басқаратын World Boxing ресейлік боксшыларға қойылған шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады.
