Нұрдаулет Сейілбеков Словакияда өткен күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп жазады Sportbugin.kz.
Еркін күрестен 74 келіге дейін салмақта өнер көрсеткен отандасымыз қола медаль үшін белдесуде италиялық Алессио Энтони Перентинмен кездесті. Нұрдәулет қарсыласын 10:5 есебімен жеңіске жетті.
Жарыс барысында Сейілбеков
1/8 финалда Молдова өкілін 11:1 есебімен техникалық басымдықпен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Ширек финалда Түркия балуаны Үміт Талха Услудан 3:1 есебімен басым түсті. Ал жартылай финалда АҚШ өкілі Джейден Джеймспен кездесіп, 4:13 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, Қазақстанның еркін күрес құрамасы әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Бұған дейін Нұрасыл Асамбек (57 кг дейін) қола жүлдеге, Бекасыл Асамбек (61 кг дейін) күміс жүлдеге ие болған.
