Дзюдошы Бақытжан Абдурахманов Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Grand Slam турниріндегі жарысын аяқтады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
73 келіге дейінгі салмақта белдесетін отандасымыз алғашқы айналымда финляндиялық Валттери Олиненмен кездесіп, жеңіске жетті.
Екінші белдесуінде Абдурахманов әлемдік рейтингтің көшбасшысы, Азия чемпионы, тәжікстандық Мұхиддин Асадуллоевпен белдесті.
20 жастағы қарсыласы кездесудің басынан белсенділік танытып, қазақстандық дзюдошыға қысым жасады. Нәтижесінде Бақытжан Абдурахманов үш рет «шидо» алып, «хан-соку-маке» арқылы жарыстан шеттетілді.
