Қазақ спорт және туризм академиясында бокстан Олимпиаданың қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосынов және әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының қола жүлдегері Ертуған Зейнуллиновпен кездесу өтті.
Кездесу барысында студенттер чемпиондарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, олардың спорттағы жетістіктері мен тәжірибесі жайлы әңгіме өрбіді. Боксшылар студенттерге ақыл-кеңестерін айтып, спорттағы табандылық, еңбекқорлық пен мақсатқа ұмтылудың маңызын атап өтті.
