Көшпенділер ойынында көкпардан қырғыздарға есе жібергеннен кейін Қазақстанда командалық көкпарды дамытуға бағытталған бастамалар қолға алына бастады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Алматы облысы жаппай көкпар федерациясының бастамасымен ай сайын облыстың 9 ауданы арасында командалық көкпар эстафетасы өткізілмек.
Жарыстың жүлде қоры кемінде 1 миллион теңгені құрайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама аудандар арасындағы командалық көкпар бәсекесін күшейтіп, спортшылардың тұрақты түрде жарыс тәжірибесін жинауына мүмкіндік береді.
Көшпенділер ойындарындағы көкпар нәтижесі қоғамда қызу талқыланған еді. Осыдан кейін ұлттық ойынды дамыту, командалардың деңгейін көтеру және ішкі бәсекелестікті арттыру мәселесі өзекті бола түсті.
