Бакуде өтетін дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Әлем біріншілігі Әзербайжан астанасы Бакуде 4-11 қазан аралығында өтеді. Қазақстандық дзюдошылар жекелей және аралас командалық жарыстарда бақ сынайды.
Ерлер:
60 келіге дейін: Бақытжан Аман, Шерзод Давлатов
66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Асылжан Жұбатқанов
73 келіге дейін: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин
81 келіге дейін: Жалғас Қайролла, Абылайхан Жұбаназар
90 келіге дейін: Данил Крылов
Әйелдер:
48 келіге дейін: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева
63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова
78 келіге дейін: Аруна Жангельдина
78 келіден жоғары: Ақерке Рамазанова, Камила Берліқаш
Аралас командалық жарыс:
Ерсұлтан Дүйсенхан (73 келіге дейін), Данил Крылов (90 келіге дейін), Ермахан Ануарбеков (90 келіге дейін), Жантілек Нұртілепұлы (90 келіден жоғары), Дина Мұханбет (57 келіге дейін), Дана Абдирова (57 келіге дейін), Асхат Ажар (70 келіге дейін), Мөлдір Нарынова (70 келіге дейін), Ақерке Рамазанова (78 келіден жоғары), Камила Берліқаш (78 келіден жоғары).
