Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах Геннадий Головкинді Қазақстан ҰОК президенті болып сайлануымен құттықтады.
«Сізге 2024 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Президенті лауазымына сайлануыңызбен шын жүректен құттықтауымды білдіруге және осы қызметте сәттілік тілеуге рұқсат етіңіз.
ХОК сіздің ҰОК-пен жемісті ынтымақтастығын жалғастыруға үміт артады және Олимпиадалық қызмет пен Қазақстан спортшыларының мүддесі үшін Сіздің ҰОК-қа өз миссиясы мен күнделікті қызметін жүзеге асыруда қолдау білдіруді және көмек көрсетуді жалғастыруға толық ықтиярыңызда болады.
Біз сіздермен жақын арада Лозаннадағы Олимпиада үйінде кездесетінімізге өте қуаныштымыз», — делінген ХОК басшысы Томас Бахтың ресми хатында.