Боксшы Оразбек Асылқұлов Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін жеңіліс тапты, деп жазады Sportbugin.kz.
60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз Оңтүстік Корея өкілі Чан Дон Хванмен кездесті. Нәтижесінде Чан Дон Хван төрешілердің бөлінген шешімімен жеңіске жетті. Қорытынды есеп — 4:1″
Айта кетейік, отандастарымыз үшін бұл Азия ойындарында Оңтүстік Корея өкілдері алынбас қамалға айналып отыр. Бұған дейін 80 келіге дейінгі салмақта Сабыржан Аққалықов Минсон Кимге жол берген еді. Ал әйелдер құрамасынан Назым Қызайбай жарысты аяқтады.
