Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары төрт қола медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Байдарка мен каноэде ескек есуден Қазақстан құрамасының қоржынына бірден үш қола түсті. Ал нысана көздеуден әйелдер құрамасы командалық есепте үздік үштіктен көрінді.
Алдымен байдаркамен ескек есуден Стелла Суханова жүлдеге қол жеткізді. Кейін Дмитрий Холмогоров ерлер арасындағы 500 метрлік жарыста қола медаль жеңіп алды. Қазақстандық ескекші финалды 1 минут 44,453 секундта аяқтады. Өзбекстандық Шахриёр Махкамов 1:43,642 нәтижесімен жеңіске жетсе, Оңтүстік Корея өкілі Джан Сан Вон 1:44,433 көрсеткішімен күміс жүлде алды.
Сондай-ақ Сергей Емельянов пен Руфина Искакова аралас екілік-каноэде 500 метрге жарыстың А финалында үшінші орын иеленді. Қазақстандық жұп қашықтықты 1 минут 51,124 секундта бағындырды.
Қазақстан спортшылары нысана көздеуден де Азия ойындарының қола жүлдесіне ие болды. 50 метрден үш қалыпта мылтықпен ату сайысында Арина Малиновская, София Шульженко және Елизавета Безрукова ел намысын қорғады.
Үш спортшының іріктеудегі нәтижесі командалық есепке де енгізіліп, Қазақстан құрамасы 1754 ұпаймен қола медаль еншіледі. Қытай 1773 ұпаймен алтын, Үндістан 1763 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды.
Осылайша, Қазақстан спортшылары Азия ойындарының бір күнінде төрт қола медаль жеңіп алды.
