Виктория Графеева Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/8 финалда Қытайлық Тайбэй өкілі Линь Юйтинмен кездесті.
Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қарсыласқа берді.
Линь Юйтин 3:2 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Осылайша, Виктория Графеева Азия ойындарындағы өнерін аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін әйелдер құрамасынан Назым Қызайбай, ал ерлер құрамасынан Сабыржан Аққалықов пен Оразбек Асылқұлов алғашқы жекпе-жектерінен кейін Азиададағы өнерін аяқтаған еді.
