Хорватияның Врсар қаласында ITF Juniors J300 сериясы бойынша жасөспірімдер арасында дәстүрлі халықаралық турнир мәресіне жетті.
Отандасымыз Заңғар Нұрланұлы чехиялық Мартин Дошкошилмен бірге жұптық сында оң нәтижеге қол жеткізді.
Қазақстандық-чехиялық дуэт финалға дейін жетіп, тек соңғы сында ғана хорватиялық Максимович – сербиялық Маркоринаға жол берді – 2:6, 3:6.