Бакуде өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының бапкері Ерлан Серікжанов үшін ерекше сәт қайталанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Серікжановтың өзі 2018 жылы Бакуде өткен әлем чемпионатында 66 келіге дейінгі салмақта финалға шыққан. Ол кезде қазақстандық дзюдошы алтын жүлде үшін жапониялық Хифуми Абэмен белдескен.
Арада сегіз жыл өткен соң Серікжанов Бакуге әлем чемпионатының финалына бапкер ретінде қайта оралды. Оның шәкірті Шерзод Давлатов 2026 жылғы әлем чемпионатында финалға дейін жетті.
Осылайша, Ерлан Серікжанов Бакуде 2018 жылы спортшы ретінде, 2026 жылы бапкер ретінде әлем чемпионатының финалына шыққан.
Бұл — Қазақстан дзюдосындағы спортшыдан бапкерге дейінгі жолдың, сабақтастықтың әдемі көрінісі.
