Жапонияда өткен Азия ойындарында еркін күрестен Қазақстан құрамасының балуандары финалға шыға алмады, деп жазады Sportbugin.kz.
Еркін күрес шеберлері сары құрлық додасын үш қола жүлдемен аяқтады. 65 келіде Начын Куулар, 74 келіде Нұрқожа Қайпанов және 125 келіде Едіге Қасымбек үздік үштіктен көрінді.
Осылайша, Қазақстан балуандары арасында еркін күрестен 32 жылдан бері Азия ойындарының чемпионы шыққан жоқ. Бұл спорт түрінен алғашқы әрі соңғы алтынды 1994 жылы Мәулен Мамыров иеленген.
Сол жылдан бері отандық балуандар Азия ойындарында еркін күрестен алтын жүлдеге қол жеткізе алмай келеді.
