Бакуде өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Шерзод Давлатов елге оралды, деп жазады Sportbugin.kz.
Сондай-ақ Азия ойындарының күміс жүлдегері Абиба Әбужақынова мен ұлттық құрама көшбасшыларының бірі Ғалия Тынбаеваны да жанкүйерлер Алматы әуежайынан қарсы алды.
Айта кетейік, Давлатов әлем чемпионатының жартылай финалында әлем чемпионы әрі Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Рюдзу Нагаяманы жеңіп, финалға жолдама алған еді.
