Боксшы Санжарәлі Бегалиев 2026 жылғы Қазақстан чемпионатына дайындықты бастады, деп жазады Sportbugin.kz.
Боксшы енді Төрехан және Махмұд Сабырхандардың жеке бапкері Ілияс Оралбековтің қол астында жаттығады.
Бұл туралы бапкер әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады.
«Санжарәлі Бегалиевтің Қазақстан чемпионатына дайындығы. 80 келі. Күтіңіздер», — деп жазды.
Айта кетейік, Бегалиевтің бұған дейін жеке бапкері Әлішер Эрметов болған.
