«Реал Мадрид» футбол клубы «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Алехандро Гарначоға көз тігіп отыр.
Мадридтік команданың президенті Флорентино Перес 17 сәуірде Манчестерге барған кезде 19 жастағы Гарначомен кездескісі келеді. Жүздесу барысында Перес форвардты трансферге келісім беруге көндіруге тырыспақ.
Айта кетейік, осы маусымда Алехандро Гарначо «Манчестер Юнайтед» сапында 38 матч өткізіп, 7 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.