Төрехан Сабырхан өзбекстандық кәсіпқой боксшы Шохжахон Эргашевпен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
IBA Nomad лигасының ресми Instagram парақшасында Төрехан Сабырханның мәлімдемесі жарияланған постер шықты. Онда қазақстандық боксшы өзбекстандық қарсыласымен шаршы алаңда кездесуге дайын екенін жеткізген.
«Шоу керек пе? Мен дайынмын», — деді Сабырхан.
Айта кетейік, бұған дейін Шохжахон Эргашев желтоқсан айының басында Алматыда өтетін IBA Nomad 16 турнирінде рингке оралатынын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ ол кез келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайын екенін айтқан.
