Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақта белдесіп жатқан отандасымыз жартылай финалда Жапония өкілі Йошиносукэ Аоягимен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, қос спортшы 2024 жылғы әлем чемпионатының финалында да жолыққан. Ол кезде Қайпанов қарсыласын 5:3 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанған еді.
