«Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы әрі Қазақстанның су спорты федерациясын басқарған Нұрлан Жақыпов ұсталды. Ол сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жақыповты ұстау операциясы 2026 жылғы 12 қарашада өткен. Оны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізген.
Қазіргі уақытта су спорты федерациясының басшысына қатысты қылмыстық істің мән-жайы жарияланған жоқ. ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша шектеу қойылғанын мәлімдеді.
Нұрлан Жақыпов 2023 жылғы сәуірде «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы болып тағайындалған. Ал 2025 жылғы наурызда Қазақстанның су спорты федерациясының президенті атанып, бұл қызметте Андрей Крюковты алмастырды. Оның кандидатурасын федерация мүшелері бірауыздан қолдаған.
Айта кетейік, Қазақстанның су спорты федерациясы жүзу, су добы, артистикалық жүзу, суға секіру және ашық судағы жүзу спорт түрлерін біріктіреді.
Әзірге ұсталған азаматтарға қатысты күдіктің нақты мазмұны мен бұлтартпау шарасы туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.
