Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Бейжіңде өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Әлем кубогының алғашқы жарыс күнінде отандасымыз әйелдер арасындағы 1000 метр қашықтықта бақ сынап, мәреге екінші болып жетті. Ол бұл қашықтықты 1 минут 15,64 секундта бағындырды.
Аталған сайыста Нидерланд спортшысы Анаэль Далеман (1:14.07) топ жарса, Польшаның өкілі Виктория Дабровска (1:15.85) үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Бейжіңдегі әлем кубогы кезеңі 15 қарашаға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы сапында барлығы 15 спортшы өнер көрсетіп жатыр.
