Семсерлесуші Айбар Қайым жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Отандасымыз семсерлесуден сабля бағдарламасының финалында түркиялық Беррак Джанденизбен кездесіп, 6:15 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Айбар Қайым халықаралық доданы күміс жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, бұл — Қазақстан құрамасының жасөспірімдер Олимпиадасындағы сегізінші медалі. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 келі) мен велоспортшы Әнел Тәшбай алтын жүлдеге ие болған еді. Ал боксшылар Бибарыс Әшірбай (70 келі) мен Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) күміс медаль жеңіп алды. Сондай-ақ боксшы Марал Төлепберген (54 келі), таеквондошы Любовь Юн (63 келіден жоғары) және триатлоншы Рамазан Әйнегов қола жүлдегер атанды.
