Қазақстандық дзюдошылар Загребте өтіп жатқан Гран-при турнирінің алғашқы күнінде үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
66 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев финалда бразилиялық Рональд Лиманы жеңіп, алтын медаль иеленді.
Ал 60 келіге дейінгі салмақта Аман Бақытжан ақтық сында Қытайлық Тайбэй өкілі, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ян Юн Вэйге есе жіберіп, күміске қол жеткізді.
Сондай-ақ 48 келіге дейінгі салмақта Ғалия Тынбаева финалда италиялық Ассунта Скуттоға жол беріп, турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнін бір алтын және екі күміс медальмен қорытындылады.
