28-29 қараша күндері Астанада таеквондодан әлемдік Гран-при сериясының финалы өтеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының төрт өкілі ел намысын қорғайды
Атап айтқанда, ел намысын мына спортшылар қорғайды:
Тамирлан Тілеулес (-58 кг);
Батырхан Төлеуғали (-80 кг);
Рита Бакишева (-49 кг);
Мария Севостьянова (-57 кг).
Айта кетейік, таеквондошылар жүлделі орындар үшін бақ сынап қана қоймай, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алу жолындағы маңызды рейтингтік ұпайларға таласады.
