Бокстан Ақтау қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында Әбілмансұр Марат топ жарып, ел чемпионы атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Әбілмансұр Марат түркістандық боксшы Мәлік Жанболатты жеңіп, чемпиондық атаққа қол жеткізді.
Айта кетейік, Әбілмансұр Марат — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Елеусіновтің немересі, кәсіпқой боксшы Дәурен Елеусіновтің ұлы, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің інісі.
