Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінде қазақ балуаны Нұрқанат Серікбаев 60 келі салмақта жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Биылғы маусымда жолы болмай жүрген Нұрқанат Тбилисиде қарсыластарын қоғадай жапырды.
Алдымен колумбиялық Джохан Рохасты, израильдік Иехонатан Векслерді және украиналық Дильшот Халматовты ұтты.
Жартылай финалда Grand Slam турнирінде үш мәрте топ жарған Балабай Агаевтан басым түсті.
Ал финалда Израиль балуаны Ям Уолцакты жеңді.
Бұл Серікбаевтың Grand Slam турниріндегі алғашқы алтыны. Бүгінгі нәтижесі Нұрқанат Серікбаевқа әлемдік рейтингте қосымша 1000 ұпай еншілеуіне мүмкіндік береді.
Тблисиде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысы наурыздың 24-іне дейін жалғасады. Жарысқа 83 елден 531 татами шебері қатысып жатыр.