Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында топ жарды, деп жазады Sportbugin.kz.
Командалық сайыстың финалында қазақстандық шпагашылар Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Тартысты бәсеке 43:42 есебімен отандастарымыздың жеңісімен аяқталды.
Алтын медальді Руслан Курбанов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов жеңіп алды.
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы алтын медальді соңғы рет 2002 жылы жеңіп алған болатын.
Айта кетейік, биыл Қазақстан құрамасы командалық есепте Азия чемпионатында да алтын медаль иеленді. Сонымен қатар әлем чемпионатында тарихта алғаш рет жеңімпаз атанды.
