Айбек Оралбай Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарын жеңіспен бастады, деп жазады Sportbugin.kz.
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін отандасымыз Қырғызстан боксшысы Мырзакир Кошалиевпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша Айбек Оралбай Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды.
Айта кетейік, Азия ойындарындағы бокс бәсекесінде бұған дейін бес спортшысы жарысты аяқтаған болатын. Олардың қатарында үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай, екі дүркін әлем чемпионы Аида Әбікеева, әлем чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері Виктория Графеева, әлем чемпионы Оразбек Асылқұлов және 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сабыржан Аққалыков бар.
