Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Братислава қаласында өткен Memorial Ondrej Nepela халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Олимпиада чемпионы екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 272,75 ұпай жинады. Шайдоров қысқа бағдарламада 95,98, ал еркін бағдарламада 176,77 ұпай еншіледі.
Жарыста бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік Евгений Семененко 292,09 ұпаймен жеңімпаз атанды. Италиялық Даниэль Грассль 278,80 ұпаймен екінші орынға жайғасты.
Айта кетейік, Memorial Ondrej Nepela турнирі Михаил Шайдоров үшін 2026/27 жылғы маусымдағы алғашқы халықаралық жарыс болды.
