Ерлан Тасмағамбетов батуттағы гимнастикадан Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Суперфиналда ел намысын қорғаған отандасымыз төрешілердің шешімімен 54.69 ұпай жинап, үшінші орын алды.
Қытайлық Янь Ланъюй жарыста топ жарды — 65.09. Оның отандасы Ван Цзысай күміс медальға ие болды — 63.83.
