Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сәтті өнер көрсетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Отандық спортшы 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.
Нора Джеруто ақтық бәсекеде қашықтықты 9:06.82 уақытта бағындырды.
Алтын медальді Яви Винфред (Бахрейн) жеңіп алды — 9:04.36. Үндістандық Парул Чаудхари үздік үштікті түйіндеді — 9:08.67.
