Алуа Балқыбекова Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында ширек финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Отандасымыз бұл кезеңде жарыс қожайыны Юна Нишинакимен кездесті.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің бөлінген шешімімен Алуа Балқыбекова жеңіске жетті.
Осылайша, Алуа Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алып, кемінде қола медальді қамтамасыз етті.
Айта кетейік, Балқыбекова мен Нишинаки 2025 жылы Астанада өткен Әлем кубогында кездескен. Сол жекпе-жекте детқазақстандық боксшы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен болатын.
