Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Еркін Оқасовтың Біріккен күрес әлемінің (UWW) бюросына мүше болып сайлануына қатысты пікір білдірді, деп жазады Sportbugin.kz.
Министрдің сөзінше, Еркін Оқасовтың халықаралық ұйымның басқарушы құрамына енуі Қазақстанның әлемдік спорттағы беделін арттырады.
«Біріккен күрес әлемінің бюросына Еркін Оқасов мүше болып кірді. Бұл Қазақстанның халықаралық беделін арттырып, спорт қауымдастығының еліміздің өкілдеріне сенім білдіріп отырғанын байқатады.
Еліміз ірі жарыстар өткізеді. Ал қазақстандық өкілдер әлемдік спорттың дамуына қатысты маңызды шешімдер қабылдайды», — деді Ербол Мырзабосынов.
Министр Еркін Оқасовтың халықаралық аренадағы қызметі мен отандық күрестің әлемдік спорттағы рөлін ерекше атап өтті.
