Бокстан Қазақстан чемпионатында қола жүлдегер атанған Ертуған Зейнуллинов алдағы мақсаттары туралы айтты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Ел біріншілігінде жартылай финалға дейін жеткен боксшы финал жолдамасы үшін болған кездесуде шымкенттік Серік Әбзалға есе жіберді. Осылайша, Қазақстан чемпионатын қола жүлдемен аяқтаған еді.
«Қазақстан чемпионатында қола жүлде бұйырды. Дегенмен, бұл тоқтайтын дүние емес. Мен соңына дейін барамын. Ең үлкен сын — Олимпиада. Олимпиада ойындарына қатысу үшін барымды саламын. Қазір осы бір сәтсіздікке бола қолымды бір сілтеп, тоқтап қалмаймын.
Иә, жартылай финалдық жекпе-жекке қатысты сұрақтар бар. Десе де, өткен өтті. Ұлттық құрама сапында Олимпиадаға қатысу үшін бар күшімді саламын. Соңына дейін барамын», — деді боксшы.
