Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітханға көше атауын беру бастамасын қолдайтынын мәлімдеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Министрдің айтуынша, көшелерге атау беру мәселесін ономастикалық комиссия қарайды. Сонымен қатар ол Амангелді Сейтханның қазақстандық спорт пен спорт журналистикасының дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.
«Ол өз кәсібінде айрықша орны бар тұлға болды. Біз бұл ұсынысты енгізуге дайынбыз. Министрлік те, мен де министр ретінде бұл бастаманы жеке қолдаймыз», — деді Ербол Мырзабосынов.
