Димаш Құдайберген Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) арнайы марапатына ие болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
WBC ұйымы әншіге халықаралық жетістіктері және музыка арқылы әлем халықтарын біріктіруге қосқан үлесі үшін арнайы чемпиондық белбеу табыстады.
Марапаттау бастамасын WBC президенті Маурисио Сулейман көтерген. Ұйым өкілдерінің айтуынша, мұндай құрметті белбеулер өте сирек жағдайда ғана беріледі.
Айта кетейік, WBC чемпиондық белбеуіне ие болған қазақстандықтардың бірі — Геннадий Головкин.
