Астанада өтіп жатқан ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатында Едіге Емберді 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Астаналық зілтемірші қос сайыс қорытындысы бойынша 345 келі (жұлқа көтеруде – 152 кг, серпе көтеруде – 196 кг) нәтижесін тіркеді.
Алтын медальді 363 келі көтерген Жетісу облысының өкілі Ақжол Құрманбек иеленді. Үздік үштікті 344 келі (158+186) нәтижесімен алматылық Әлібек Рахымберді түйіндеді.
Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер атанған Едіге Емберді 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақыға ие болады. Алтын медаль иегеріне 300 мың, қола жүлдегерге 100 мың теңге беріледі.
