Футболдан Қазақстан құрамасы Люксембургпен өткен жолдастық кездесуде жеңіліп қалды, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан сырт алаңда есе жіберді. Бірінші болып Әділет Садыбеков есеп ашқанымен, алаң иелері бірінші таймда-ақ алға шығып үлгерді.
Қарсыластар сапынан 24-минутта Жерсон Родригес, 45-минутта Данел Синани екі гол соқты. Бұл басымдық ойын соңына дейін сақталып, Қазақстан сырт алаңда қатарынан екінші рет жеңіліс тапты.
Ал Еуропа чемпионатының жолдамасына таласқан шешуші матчта Грузия Грекия құрамасын пенальти сериясы бойынша ұтып, өз тарихында тұңғыш рет құрлық додасына жолдама алды.
Қазақстан қақпасына бес гол соққан гректер Тбилиси төрінде Грузияның осал тұсын таба алмады.