Блогер Николай Путилин желідегі парақшасында «Барыс» клубының қарызға батқаны жайлы айтты. Атап айтқанда, астаналық клуб ойыншылардың жалдап тұратын пәтерақысын әлі төлемеген, деп жазады Sportbugin.kz.
«Барыс» басшылығымен қалай байланысуға болады? Төрт айдан бері жауапсыз ұйым менің жалдамалы пәтерімнің ақысын төлемей отыр. Мұнда бірнеше легионер тұрады. Олар жыл басынан бері өз хоккейшілеріне жалақы бермеген. Мен ғана емес, мен сияқты ондаған адам осылай ақшасын ала алмай жүр. Ешкім менің талабымды тыңдар емес», — деп жазды Путилин.
Еске сала кетейік, бұл маусымды «Барыс» сәтсіз аяқтап, плей-офф кезеңіне де шыға алмады.