Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Абиба Әбужақынова Антальядағы Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
48 келіде сынға түсетін Абиба қола медаль үшін күресте ресейлік Сабина Гилязованы жеңді.
Төрешілер ресейлік спортшыға үш ескерту беріп, нәтижесінде Абиба жеңімпаз деп танылды.
Осылайша, Абиба Әбужақынова биыл өзі қатысқан жарыстардың бәрінен жүлде алып келеді.