Жапония астанасы Токиода байдарка мен каноэде есуден лицензиялық Азия чемпионаты өтуде. Қазақстандық спортшылар үш квота жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы екі адамдық каноэмен 500 метрге жарысудан ойнатылған жалғыз ковтаны иеленді.
Екі адамдық каноэде 500 метрге жарысудан сынға түскен түскен Маргарита Бровкова мен Руфина Искакова да жалғыз жолдаманы қоржынға салды.
Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан командасының мүшелері Сергей Токарницкий мен Бекарыс Раматулла Париж Олимпиадасына қатысады.
Қазақстандық ескек есушілер екі адамдық байдаркамен 500 метрге жарысудан чемпион атанып, Олимпиада жолдамасына иелік еткен.